Нұр-Сұлтанда мемлекеттік қызметтерді ұсыну уақытша мүмкін емес. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК-нің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мамандандырылған ХҚКО-да көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы тарапынан орын алған техникалық ақауларға байланысты шектеулі екенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген ҚР ІІМ ӘПК-нің парақшасында.