$ 448.56  478.03  4.79

Алматыда базар өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Қойма 50 шаршы метрді құрайды. Оның қабырғасы кірпіш, шатыры металл.

Алматыда «Мизам» базарында контейнер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жолының бойында орналасқан  78/1 – «Мизам» базарының аумағында контейнер отқа оранды. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына шықты»,- деп хабарлайды ТЖД. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бір қабатты қойма жанып жатыр (металл-пластмассадан жасалған бұйымдар сақталған), жақын жердегі қоймаларға өрттің өршу қаупі бар. Қойма 50 шаршы метрді құрайды. Оның қабырғасы кірпіш, шатыры металл. 

ТЖД 43 қызметкері мен 12 техника жұмылдырылды. Қосымша өрт сөндіру техникасы жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары