Кипрде өзінің 12 жастағы ұлын өлтірген әйел Қазақстан азаматы емес. Бүгін ҚР сыртқы істер министрлігі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.
«Кипр билігінің ақпараты бойынша, аталған әйел Қазақстан азаматшасы болып табылмайды. Ол – Ресей азаматшасы», - дейді Смадияров.
Бұған дейін шетелдік БАҚ-та Кипрде әйелдің 12 жасар ұлын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған еді. Оның күйеуі баланың денесін тауып алыпты. БАҚ-та әйелдің Қазақстан азаматшасы екені және психикалық ауруға шалдыққаны жазылған.