$ 494.87  520.65  4.91

5 талап: Гонконгтегі наразылық шерулері басылар емес

Бірақ шерушілер билікке жаңа 5 талап қойып отыр.

Екі күн бұрын аймақ басшысы Кэрри Лэм қылмыскерлерді ішкі Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасын кері қайтарып алатынын мәлімдеген, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бірақ шерушілер билікке жаңа 5 талап қойып отыр. Оның ішінде наразылық шаралары кезінде полиция тарапынан көрсетілген қысым мен күш қолдану деректерін тексеру және қамауға алынғандарды босату секілді талаптар бар. 

Блиц 1: 

- Біздің үкімет орталық биліктің нұсқауын орындап, халықтың талабына құлақ аспай отыр. Соңғы 2-3 айда болған оқиғалар осыны анық көрсетті. Сондықтан аймақ үкіметі халық берген уәкілетінен айырылды деп санаймын. 

Блиц 2: 

- Аймақ басшысы осы заң жобасын ұсынғалы бері полициямен қақтығыс жиілеп, қан төгілді. Үкіметтің бұл құжатты енді қайтарып алуы жеткіліксіз. Полицияның күш қолдануының заңдылығын тексеру керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Гонконг