$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда жоғалған 3 жасар баланы іздеуге 200 полицей жұмылдырылды

Одан бөлек, волонтерлер де үлес қосып жатыр» делінген хабарламада.

Қарағанды облысының Шет ауданында 3 жасар бала ұрланып, екі тәуліктен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«5 қыркүйекте Бұрма ауылының 22 жастағы тұрғыны хабарласып, баласының ұрланғанын айтқан. Әйел ауылдағы дүкеннің маңында тұрған кезде оған қастық ойлаған 23 жастағы танысы күш көрсету арқылы қолындағы 3 жасар баласын белгісіз жаққа әкетіп қалған. Қазіргі таңда жедел іздестіру шаралары басталып, оған 200 полиция қызметкері қатысуда. Одан бөлек, волонтерлер де үлес қосып жатыр» делінген хабарламада. 

Айта кетейік, аталмыш факті негізінде ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлімі 5-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қарағанды