$ 444.32  473.33  4.76

Ресейде депутаттыққа үміткер сайлау учаскесінде көз жұмды

Оның қайтыс болғанын сайлауалды штат бастығы Михаил Таранцов растаған.

Волгоградта РФКП мүшесі облыстың дума  депутаттығына   үміткер Вадим Чистяков сайлау учаскелерінің біріне келіп, жүрегі ұстап қайтыс болады, деп жазады «Блокнот Волгоград». 

Оның қайтыс болғанын сайлауалды штат бастығы Михаил Таранцов растаған. 49 жастағы Чистяков Волгоградтың Краснооктябрь ауданындағы сайлау комиссиясының учаскесінде өзін жайсыз сезінген. Жедел жәрдем шақырылған, алайда дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. 

Полковник Вадим Чистяков Ерлік ордені және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сайлауға РФКП Сталинград облыстық комитеті тарапынан үміткер ретінде тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ресей