$ 494.87  520.65  4.91

Астана вокзалынан 500 жолаушы эвакуацияланды

Бүгін, сәрсенбі күні Астана вокзалының кіреберіс есігінен иесіз қораптың табылуы салдарынан құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері 500 жолаушыны эвакуациялаған, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына  ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

«Сағат 13.35-те Астана станциясындағы ішкі істер желілік басқармасына вокзал кезекшісінен вокзалдың шыға берісінде иесіз қорап жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Хабарлама келе сала,  барлық құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері, соның ішінде, көлік сақшылары, төтенше жағдайлар мен тағы да басқа құқық қорғау құрылымдарының қызметкерлері оқиға орнына келді. Бірден қорап жатқан аумақ қоршауға алынды. Вокзалдағы  500-ден  астам жолаушы мен вокзал қызметкерлері эвакуацияланды. Сағат 14.35-те қораптан қауіпті зат болмағаны анықталды», — деп хабарлады ведомствода.

Қазір вокзал қалыпты жұмысын жалғастырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары