09.09.2019, 14:25

«Қазақстан гол сала алмайды, бізге қарсылас емес» - Ресейдің ардагер футболшысы

«Осы матчті ұтсақ, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шықтық десек те болады. Бұл ойында Ресей қарсыласын жібермес».

Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы жартылай қорғаушысы және КСРО-ның 1972 жылғы үздік ойыншысы Евгений Ловчев Еуропа-2020 чемпионатының алтыншы іріктеу турындағы Ресей мен Қазақстан матчіне болжамын жасады, деп хабарлайды vesti.kz.

«Ресей-Қазақстан матчіне болжам. Ресей таза жеңеді, бірінші таймда, ал Қазақстан гол сала алмайды. Футболшылар өз клубтарында онша жақсы ойнамайды, бірақ, құрамаға жиналғанда рахаттанады, Шотландиямен ойын мұны көрсетіп отыр. Бүгінде Қазақстан бізге қарсылас емес. Ал осы матчті ұтсақ, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шықтық десек те болады. Бұл ойында Ресей қарсыласын жібермес», - деп келтіреді Ловчевтің сөзін bookmaker-ratings.kz.

Еске салайық, ойын Калининградта өтеді, басталауы Қазақстан астанасының уақытымен 00:45. Матчті тікелей эфирде мына сілтеме арқылы өтіп тамашалауға болады.

Өткен ойында Ресей құрамасы Шотландияны 2:1 есебімен жеңді, ал Қазақстан Кипрмен тең түсті - 1:1. 12 ұпай жинаған Ресей I тобында екінші келеді, Бельгиядан үш балл аз жинады. Ал Қазақстан үшінші орында – 7 ұпай.