$ 498.34  519.72  4.85

Түркістан облысында 3 жасар бала қауынға себетін улы дәріні ішіп қайтыс болды

Өкінішке қарай, оны аман алып қала алмаған.

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 3 жасар бүлдіршін уланып көз жұмды, деп  хабарлайды «КТК» теларнасы. 

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Қазыбек би ауылында тіркелген. 3 жасар қыз сусынның ыдысында тұрған улы дәріні ішіп, ауыр жағдайда аудандық аурухана түскен. Салдарынан баланың тыныс жолдары күйіп, жүрек қан тамырлары зақымданған. 

«Оның жағдайы тым ауыр болғандықтан облыс орталығынан санитарлық авияациямен екі рет балалар токсикологы мен реаниматолог дәрігерлері шақыртылған. Алайда интенсивті терапия жасалғанына қарамастан бүлдіршіннің беті бері қарамады. Өкінішке қарай, оны аман алып қала алмадық. Қазіргі таңда сот медициналық сараптамалар жасалуда»,- делінген хабарламада.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары