$ 443.37  474.49  4.83

Еден жуған білім басшысы нені дәлелдегісі кеп жүр?

#өзіңненбаста эстафетасын бастаған Жанғозин бұл жұмысқа небәрі 15 минут қана уақыттың кететінін айта отырып, қалалық әріптестерін де техникалық қызметшілерге көмектесуге шақырды.

Ел астанасындағы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин оқушыларға үлгі көрсету үшін өзінің Фейсбук парақшасында өз кабинетінде қалай еден жуғанын айтып берді. #өзіңненбаста эстафетасын бастаған Жанғозин бұл жұмысқа небәрі 15 минут қана уақыттың кететінін айта отырып, қалалық әріптестерін де техникалық қызметшілерге көмектесуге шақырды. Бұл әрекетімен ол оқушылардың оқу орындарын тазалауын қолдайтынын білдірді, деп жазады Oinet.kz.

«Бұл әр оқушы еден жусын деген сөз емес. Бұл бастама балаларға өзгенің жұмысына құрметпен қарауды, қоршаған ортаны таза ұстап, аялауға үйрету үшін жасалуда. Әрине, әркімнің өз еркімен», - дейді білім басқармасының басшысы.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әнуар