$ 449.58  486.94  4.86

Шымкенттегі төбелес: 2 жасөспірім қамалды

Күдіктілердің жеке басы тергеу барысында кәмелетке толмаған 5 жасөспірім анықталды.

8 қыркүйекте Алматы тас жолы мен Қ. Төлеметов көшесінің қиылысының алдында 16-17 жас аралығындағы жастар арасында жанжал орын алып, олардың біреуі белгіленбеген қарудан оқ атқан. Нәтижесінде бір кәмелетке толмаған жасөспірім дене жарақатын алған, деп жазады Otyrar.kz.

Бұл жайт Шымкент қ. Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 293-бап 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Күдіктілердің жеке басы тергеу барысында кәмелетке толмаған 5 жасөспірім анықталды. Қазіргі таңда олардың екеуі құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғын анықтау үшін ұсталған. Қалғандарын ұстау бойынша жедел кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент