$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында бірнеше шенеунік пара алды деген күдікпен ұсталды (ВИДЕО)

Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Түркістан облысындағы қорғаныс істері және білім беру ұйымдарында қызмет еткен лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталған, деп жазады Tengrinews.kz.  

«Тәулік ішінде Түркістан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қорғаныс істері және білім беру ұйымдарында қызмет еткен лауазымды тұлғаларға қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шараларын бастаған», - делінген ведомство хабарламасында. 

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі Отырар аудандық тобының басшысы ҚР Әскери борышын өтеуді кейінгі қалдыру үшін 80 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.  

Сондай-ақ, Жетісай ауданында № 15 колледж директоры еңбек келісімін созу үшін 250 мың теңге алды деген күдікке ілінді.  

Мақтаарал ауданында № 34 Бірлік атындағы орта мектептің директоры азаматты жұмысқа (еден жуушы, аула сыпырушы) алу үшін 150 мың теңге пара алған.  

Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары