$ 445.66  474.58  4.78

Қостанай облысында 14 еркек зорлағанын айтқан бойжеткеннің өзіне айып тағылмақ

Ал ДНК-тестін 13-і ғана тапсырған. 14-жігітті полиция таба алмаған.

Қостанай облысында топтасып қыз зорлады деп айыпталғандардың ата-аналары балаларының кінәлі екеніне сенбейді, деп хабарлады "Наша Газета".

"Балаларымыз әкелікті ДНҚ-тест тапсырды. Бір де біреуі баланың әкесі болмай шықты. Енді бізге оны қайтадан тапсыру керек деп жатыр», - дейді ауыл тұрғындары.

Жігіттердің туыстары қыздың шындық айтқанына күдікпен қарайды. 

Ал ДНК-тестін 13-і ғана тапсырған. 14-жігітті полиция таба алмаған.

Прокуратуға тоқтатылған істі қайта қозғады. Қазір 14-жігітті жедел іздестіріп жатыр. Екідін елді мекені мен жақын маңдағы екі ауылдың барлық ер адамынан қайта жауап алатындарын мәлімдеді. Сондай-ақ қызбен байланысы барларды да ұстауға мәжбүр. 

Төрт жігіттің адвокаты Бектас Әміров бұл іс қылмыс құрамының болмауына байланысты әлдеқашан тоқтатылуы керек еді деп санайды.

"Менің қорғауымдағы азаматтар ауылдасына жала жапқаны үшін арызданады. Бұл үшін қылмыстық жаза қарастырылған", - дейді адвокат.  

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейіе Айман Омарова 14 жігіттің 1  қызды жабылып зорлағанын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды сұраған еді.

Осы оқиғадан кейін жәбірленушінің аяғы ауырлап, өмірге сәби әкелген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары