Нұр-Сұлтанда белгісіз ер адам Есіл өзенінің үстіндегі көпірге шығып алды. Ол көпірдің үстіндегі доғаның жиегімен жүріп келе жатқан, деп жазады Newtimes.kz ақпараттық агенттігі.
«Сағат 15.35-те біздің басқару орталығының қызметкері темір арқанды Сарайшық көпірінде бір адамның тұрғанын байқады. Ер адамды құтқару үшін жедел жәрдем қызметі жіберілді. Көпір жанындағы көлік жолы жабылған жоқ. Автокранның көмегімен жігітті құтқару сәтті жүзеге асты”, - деп мәлмдеді Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.
16.30-да құтқарушылар ер адамды өлімнен арашалап қалғаны белгілі болды. Ұзақ сөйлескен олар жігітті жерге түсіріп алды.
Қазіргі уақытта өзін-өзі өлтірмек болған жігітпен психолог әңгімелесуде.