13.09.2019, 12:55

26513 теңге: Балабақшаның тәрбиешісі бүлдіршінге қол көтергені үшін айыппұл төлейтін болды

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты балабақша тәрбиешісіне қатысты ҚР-ның ӘҚБтК—нің 73-1 бабының 1 тармағына сәйкес «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша әкімшілік іс қозғады.

Оқиға маусым айында Атыраудағы «Жұлдыз» шағынауданындағы балабақшада болған, деп жазады «Мой ГОРОД» порталы.

"10 маусым күні сағат 16.00-де Жұлдыз шағын ауданында орналасқан балабақшаның тәрбиешісі жұмыс орнында бүлдіршінге қол көтерген, оған қоса, баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірген", - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік соты балабақша тәрбиешісіне қатысты ҚР-ның ӘҚБтК—нің 73-1 бабының 1 тармағына сәйкес «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша әкімшілік іс қозғады.

Нәтижесінде, тәрбиеші әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол енді 26513 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуі керек.