Жаңалықтар 13.09.2019 сағат 14:05

Түркістан облысында белгісіз заттан уланған 8 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

Білім басқармасының мәліметінше, 12 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 11 шамасында мектеп-лицейдегі үзіліс кезінде фойеде адамдар жүрген кезде 10 сынып оқушысы мектепке өзі әкелген бүріккіштен белгісіз затты шашқан.
Түркістан облысында белгісіз заттан уланған 8 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістан облысы Төле би ауданы Леңгір қаласындағы №7 мектеп-лицейінде белгісіз заттан уланып, ауруханаға түскен 8 оқушының екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы 13 қыркүйек күні Азаттыққа облыстық білім басқармасы хабарлады.

Білім басқармасының мәліметінше, 12 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 11 шамасында мектеп-лицейдегі үзіліс кезінде фойеде адамдар жүрген кезде 10 сынып оқушысы мектепке өзі әкелген бүріккіштен белгісіз затты шашқан. Сол маңда жүрген 23 оқушы мен 2 мұғалім және мектептің тағы бір қызметкері улану белгісімен Төле би аудандық ауруханасына жеткізілген.

«Уланғандардың көбі алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтты. 8 оқушы ем қабылдау үшін ауруханада қалды. Олардың екеуі – жан сақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады білім басқармасы.

8 оқушының ауруханада ем қабылдап жатқанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы да растады. Мектептегі оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар