Қазақстанның қоғам қайраткері , белгілі жазушы , журналист Әділ Дүйсенбек қайтыс болды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Мұрат Әбенов Facebook-парақшасында хабарлады.
«Әділ ағамыздың өмір жолы қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Егемен Қазақстан» газетімен ұштасып жатыр. «Социалистік Қазақстанда» басталған еңбек жолы «Егемен Қазақстанға» ұштасты. Қазақ әдебиетінің қоржыны ағамыздың қаламынан туған «Шерағамның шеруі» , «Ақ күмбез», «Көкжиек», «Жүрек жылуы», «Қара шаңырақ», «Тергеу әлі біткен жоқ» атты шығармалар.
Ағамыздың отбасына , туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
Жеңгеміз, бала немерелері , досымыз, әріптесіміз Әділ ағамыздың кенже қызы Жазира Дуйсенбекова сабырлы болыңыздар дегіміз келеді», - деп жазды ол.
Ағайындардың хабарлауынша, бүгін астанада сағат 19:00 "Rixoss" қонақ үйінде қонақ асы беріледі.
Ертең сағат 10:00 "Нұрсая - 2" түрғын үй кешеңі ауласында намазы болады, ал 13:00 "Тұран" мейрамханасында асы беріледі.