13.09.2019, 15:25

Жалған ақша жасау цехын ашқан талғарлық жігіт ұсталды

Оқиға орнынан түрлі-түсті көшірме аппараты, қағаз кесетін станок, сыр, бояу, сия және ақша үлгісі тәркіленді.

Талғар тұрғыны жалған ақша жасау цехын ашып алған. Бұл туралы Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған BAQ.KZ хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 8 қыркүйек күні департамент қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Талғар қаласынада 10 000 және 5 000 теңгелік жалған ақша жасайтын жасырын цех ашқан 1989 жылғы ер адамды ұстады. 

«Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 231 бабы («Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сонымен қатар, Алматы облысының сауда үйлерінде жалған ақшаны жарату фактісі тіркелген», - делінген хабарламада. 

Оқиға орнынан түрлі-түсті көшірме аппараты, қағаз кесетін станок, сыр, бояу, сия және ақша үлгісі тәркіленді.