Еуроодақ Колумбияға заңсыз мигранттармен күреске 80 млн еуро бөледі, деп хабарлайды «Хабар24».
Ақпарға сәйкес, соңғы бірнеше жылда қаржы қыспағында қалған Венесуэладан 4 млн-нан астам адам шекара асқан. Қазір олардың көбі Колумбияда өмір сүруде. Көршілес елдегі қиын жағдайға байланысты Колумбия мигранттарды қабылдауға мәжбүр. Ал дағдарысқа ұшыраған венесуэлалықтар тұрмысқа қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмекке мұқтаж. Айта кетейік, бұған дейін Құрама штаттары да экономикалық дағдарысқа ұшыраған Латын Америка елдеріне 120 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек беретінін жариялаған болатын.