14.09.2019, 08:34

Амур облысындa киіз үй пайда болғаны хабарланды

Киіз үй төрт адамғa арналған, дәстүрге сай барлық затпен жабдықталған – түрлі түсті кілемдер, киіз үйдің қақ ортасындағы дастарқан, керегелерге жақын орналасқан төсек-орын.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми аккаунтында Амур облысы Игнатьеве ауылындағы ерекше оқиға туралы пост жарияланды – ат туризмімен айналысатын жергілікті кәсіпкерлер қонақтарға арнап қазақ киіз үйін тіккен екен, деп Азаттық.

 

Киіз үй төрт адамғa арналған, дәстүрге сай барлық затпен жабдықталған – түрлі түсті кілемдер, киіз үйдің қақ ортасындағы дастарқан, керегелерге жақын орналасқан төсек-орын.

Бұл киіз үйде қонақтар емін-еркін бірнеше күн жатып, демала алады – көшпенділердің дәстүрлі үйі өте жылы әрі ыңғайлы.

Бірақ көбінесе киіз үй отбасылық мерекелерді өткізуге аса қолайлы, бір әулеттің мүшелері бір шаңырақ астында жиналып, қызық-қуаныштарын атап өте алады.

Тегтер: киіз үй