Су жаңа Seibu 001 немесе Laview деп аталған жапондық пойыздың авторы – архитектор Кадзуйо Сэдзима, ол «қонақ үй» функциясын атқарады, деп хабарлайды CNN.
Seibu Railway пойызы наурызда іске қосылды, ол Токио қаласынан тауға қарай күнделікті сапар шегеді. Терезелері жолаушыларға Токионың тамаша табиғатын кең ауқымда көрсетіп тұрады. Ал пойыздың ішіндегі әр деталь, жиһаздар «қонақ үйді» еске салады. Архитектордың айтуынша, бұл – пойыз темір жол компанияларының бәріне ой саларлық жаңалық. Ең басты ерекшелігі, таулы аймақта жүрсе де, пойыздың ішіндегі ыңғайлылықтың қонақ үйден кем еместігі. Laview пойызында 422 орын бар, сағатына 120 шақырымды бағындырады.