Жаңалықтар 15.09.2019 сағат 10:30

Әлемде болмаған алғашқы рекорд: жаңарқалықтар мың күбіге 10 мың литр қымыз пісті

«Әр түрлі секциялар өте көп. Бірақ осы іске қатысушы адамдардың ең көп саны бойынша және қымыз көлемі мен күбі саны бойынша осы рекорд - ең алғашқысы», - дейді Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас.
Әлемде болмаған алғашқы рекорд: жаңарқалықтар мың күбіге 10 мың литр қымыз пісті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында рекорд орнатылды. Бір мезгілде тұрғындар 10 000 литр қымыз пісті. Бұл жетістікті ресми түрде халықаралық сарапшылар тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы Жаңарқа ауданының 90 жылдық мерейтойы және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы ерекше ауқымда аталып өтті. Бұл күн тарихымызда қалу үшін аудан тұрғындары қымыз пісу бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бір уақытта 1000 күбіге құйылған 10 000 литр бие сүтін ұлттық киім киген қыз-келіншектер пісіп шықты.

«Бүгін Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы мен Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай үлкен шара өтуде. Осыған байланысты мұнда рекорд орнатылды. Қазақстанда мұндай рекорд алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл өте қиын. Себебі қазіргі заманда күбі табу оңай емес. Ал мұнда мың күбі болды. Бұл рекордты болашақта жаңарту қиын болады деп ойлаймын», - деді Гиннестің рекордтар кітабының Қазақстандағы ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков.

Кітаптың редакциялық алқасы бар. Оларға бейне және фото материалдар, есептеу нәтижелері жіберіледі. Алқа осы рекордты қарастырып болған соң ол кітапқа енгізіледі. Гиннестің рекордтар кітабы екі жылда бір рет шығарылады. Биыл ол өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай қараша айында кезектен тыс нөмір шығады. Сол кезде Жаңаарқа ауданы тұрғындарының ұлы жетістігін оқуға болады.

Қарағанды облысына рекордты белгілеу үшін Гиннестің рекордтар кітабының ресми халықаралық өкілдері келді. Шетелдік қонақтар атап өткендей, әлемде мұндай рекорд алғаш рет орнатылуда.

«Рекорд осы іс-шараларға қатысатын адамдардың ең көп саны бойынша, қымыз және күбі саны бойынша есептеледі. Нәтижелер бүгін дайын болады. Бұл рекорд алғаш рет орнатылуда. Әр түрлі секциялар өте көп. Бірақ осы іске қатысушы адамдардың ең көп саны бойынша және қымыз көлемі мен күбі саны бойынша осы рекорд - ең алғашқысы», - деп хабарлады Гиннестің рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас (Куба).

Шараға қатысу үшін Жаңаарқа ауданының 12 ауылдық округі және 2 кентінен тұрғындар жиналған. Бір айдан кейін бұл шара туралы ресми сайттан оқуға болады. Ал бүгін сеанс аяқталғаннан кейін ұйымдастырушыларға рекорд орнатылғанын куәландыратын сертификат берілді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар