10.12.2015, 06:11

Шымкент әкімдігі Жаңа жылға бөлінген 80 млн теңгені қайырымдылыққа жұмсайтын болды

Шымкентте биыл жаңа жылдық безендіруге қаржы бөлінбейді,- деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Шахар басшысы Ғ.Əбдірахымовтың ұсынысымен бұдан бұрын жаңа жылдық безендіруге бөлінген 80 миллион теңгенің жұмсалу мақсаты маслихатта қайта қаралды. Аталған қаржы енді 5500-ге жуық жетім жəне əлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына бір реттік көмек көрсетуге бағытталатын болды. Осылайша, жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік аз қамтылатын балалар қысқы киім-кешектермен қамтамасыз етілмек.

Естеріңізге салайық, бұған дейін жергілікті билік өкілдері қаланы жаңажылдық безендіру үшін 80 миллион теңге жұмсамақ болған еді.