16.09.2019, 02:20

Біреуі өртеніп кетті: Оралда жол бойында 2 автокөлік соғысты

Орал-Саратов жолы бойында «Ауди-100» мен «Nissan X-trail» автокөліктері соқтығысқан.

Оралда қос автокөлік соқтығысып, біреуі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 қыркүйек күні сағат 18.56-да Зачаган кентінде болды. 

Орал-Саратов жолы бойында «Ауди-100» мен «Nissan X-trail» автокөліктері соқтығысқан. 

Соның салдарынан «Ауди-100» автокөлігінің салоны мен мотор бөлігі отқа оранды. 

Оқиға орнына 6 адам, 1 техника барып, өрт сағат 19.19-да сөндірілді. 

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Тегтер: Орал