16.09.2019, 12:20

Нұр-Сұлтанда автобустың тепловозбен соқтығысқан ВИДЕОсы пайда болды

Автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, тексеру жүріп жатыр.

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.  

Оқиға 13 қыркүйекте таңғы уақытта болған, алайда ЖКО видеосы Желіде бүгін жарияланды.  

«Пушкин көшесінің бағытында Жетіген көшесінің бойында № 53 бағытта жүретін автобус пен тепловоз соқтығысты. Оқиға орнына келген жергілікті полиция қызметінің мамандары қоғамдық көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды», - деді «Астана LRT» компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Науат Азанбаева.

«Автобуста жолаушылар болмаған. Осы автобустың жүргізушісі соңғы аялдамадан жаңа рейске шығып жатқан», - дейді ол.

Автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, тексеру жүріп жатыр.