Ресейдің Челябинск облысында төрт адам шіріген картоптан көз жұмды. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Кусинск ауданындағы Магнитка ауылында көкөніс сақтайтын ауданда төрт адамның мәйіті табылды. Оның ішінде 16 жастағы жасөспірім де бар",- делінген хабарламада.
Алдын ала ақпарат бойынша, азаматтар шіріген картоптың иісінен пайда болған газға уланып қалған. Белгілі болғандай, олар қойманы тазартпақ болған.
Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.