$ 494.87  520.65  4.91

Адамдардың жасын қандай дене мүшелеріне қарай анықтауға болады?

Адамның шынайы жасын мына дене мүшелері айғақтайды.

Әрбір адам кәрілік кезеңін кейінге ысырғысы келеді. Дегенмен уақыт өзіне тиесіліні алады. Әжімдер мәселесі кім кімнің болсын басына түсетіні анық. Дегенмен сіз жақсы күтімнің арқасында әлдеқайда жас көріне аласыз. Woman.rambler.ru сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ сіздің шын жасыңызды көрсететін дене мүшелерін ұсынады.

Адамның шынайы жасын мына дене мүшелері айғақтайды.

Мойын

Бұл адамның денесінің ең көп қозғалатын бөлігі. Сондай-ақ, мойындағы тері қолдағы мен беттегі теріден әлдеқайда нәзік. Сол себепті осы аталған фактілердің барлығы терінің қартаюына әкеп соғады. Мойын терісі нәзік болуын қойып, әжім пайда болады.

Атап өтсек, жұтқыншақтан жоғары тұрған бөлікті ғана айтарлықтай өзгертуге болады. Одан төмен ораналасқан бөлікті тек күнделікті күтімнің арқасында нәзік етуге болады.

30 жастан кейін мойын терісінің тонусын биоревитализация (гиалурон қышқылының микроинъекциясы), плазмолифитинг (пациенттің тромбоциттерімен байытылған плазмасын тері ішіне енгізу) және лазерлік тегістеу көмегімен ұстап тұруға болады, ол тіндерді белсенді жаңартады.

Сондай-ақ, қартаюдың алдын алу үшін өзіңізге массаж, аранайы жаттығулар жасап, күнделікті күннен қорғанып, теріні тазартып, ылғалдандырып отыру керек екенін ұмытпаңыз.

Қол

Олар максималды түрде қозғалыста ашық жүреді. Сол себепті оған химиялық заттар мен күннің көзі әсер етпей қоймайды.

Қолыңызды ылғалдандырып, нәрлендіріп тұруды ұмытпаңыз. Пилинг пен массаж жасаңыз. Үйдегі күтім әсер етуін қойса, салонға барып, PRP-регенерация, лазерлік процедуралар, липофилинг, ағарту процедураларын жасатыңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дене