«Ресейде ер адам науқастың үйін табуға көмектесуді сұраған дәрігерді зорлап тастады. Бұл туралы РФ Саратов облысы бойынша тергеу комитеті хабарлады», дейді sputniknews.kz
Тергеушілердің мәліметінше, 16 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:30 шамасында Саратовтың Киров ауданындағы емхананың дәрігері Завокзальный елді мекеніндегі науқастың үйіне жолға шыққан. Ол бейтаныс адамнан қажетті мекенжайды табуға көмектесуін өтінген.
«Жолда келе жатқанда қаскүнем айналада ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, әйелдің мойнынан ұстап, жерге құлатып, зорлаған, содан кейін қылмыс орнынан ізін жасырған", - деп жазылған хабарламада. Жәбірленуші болған жайтты құқық қорғау органдарына хабарлаған.
"Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр.