$ 494.87  520.65  4.91

Чемпион депутат: украиналық Жан Беленюк Нұр-Сұлтан қаласындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті

Осылайша 28 жастағы балуан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Украиналық балуан ең алғаш рет әлем біріншілігін 2015 жылы ұтқан болатын.

Украиналық балуан Жан Беленюк Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды деп жазады «Жас Алаш».

Грек-рим күресінің шебері финалда мажарлық балуан Виктор Лоренцаны 2:1 есебімен жеңіп кетті. Финалға дейін Беленюк неміс Денис Кудла, белорус Николай Стадуба, хорват Иван Хухлек және мексикадан келген спортшы Альфонсо Лейфу Йепесті жеңді.

Осылайша 28 жастағы балуан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Украиналық балуан ең алғаш рет әлем біріншілігін 2015 жылы ұтқан болатын. Европаның үш дүркін чемпионы һәм Рио олимпиадасының күміс жүлдегері. 87 келіде өнер көрсетеді.

Жан Венсанович 1991 жылы Киев қаласында дүниеге келген. Әкесі Шығыс Африкадағы Руанда Республикасының тумасы. Анасы Светлана Беленюк. Ұлты украин.

Жанның әкесі әскери ұшқыш болған. Киевтегі оқуы аяқталған соң туған жері Руандаға кетіп қалды. Болашақ чемпион 11 жаста болғанда Венсан азаматтық соғыста қайтыс болады. Жан Беленюк биыл саяси аренаға да шықты. Ол Украинаның президенті Владимир Зеленскийдің «Слуга народа» партиясының мүшесі. Жоғарғы Раданың депутаты болып сайланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары