$ 494.87  520.65  4.91

"Жетінші арна" Кеңес Рақышевқа сатылады

Танымал кәсіпкер Кеңес Рақышев "Жетінші арнаны" сатып алады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Рақышевтің айтуынша, қазіргі таңда келіссөздер жүріп жатқан көрінеді.

"Келісім жүзеге асқан кезде міндетті түрде хабарлайтын боламыз. "Жетінші арнаның" техникалық базасы қалыптасқан. Телеарнаның бағыты негізінен танымдық болады. Біз қазақстандық медиа-контент қорын сапалы өніммен толтыратын боламыз. Ал, жаңалықтар легі шығарылмайды, жоспарымызда жоқ. Барынша өз өнімдерімізді дамытуға күш саламыз. Қазақстандық және шетелдік өндірушілермен бірлесе жобалар жасау көздліп отыр" деді К.Рақышев.

Оның айтуынша, алғашқы уақытта кадрлық ауыс-түйістер орын алмайды, ал, телеарнаның бас кеңсесі Астана қаласында орналаса бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары