$ 443.85  474.3  4.8

Қостанай облысында 7 сынып оқушысы жоғалып кетті (ВИДЕО)

Тәртіп сақшылары оқушы туралы ақпарат болса, 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Рудный қаласының полицейлері 16 қыркүйек күні жоғалып кеткен оқушыны іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 сынып оқушысының жоғалып кеткені туралы16 қыркүйек күні сағат 22:30-да хабар келіп түскен. 

«Анасының айтуынша, оқушы мектепке кетіп, сол күйі оралмаған. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына Рудный қаласының полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Сонымен қатар еріктілер де қосылды», - деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Із-түзсіз жоғалған баланың бойы – 150 см, арық денелі, шашы ақшыл түсті. Ол қаракөк куртка, қара күртеше, ақ көйлек, қара шалбар және қара аяқ киім киген. Өзімен бірге қара рюкзак, қызғылт сөмке болған. 

Полиция таратқан мәлімет бойынша, бүгін сағат 07:50 шамасында оқушы Космонавт даңғылындағы Операцияларды басқару орталығының камерасынан көрінген. Тәртіп сақшылары оқушы туралы ақпарат болса, 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары