$ 494.87  520.65  4.91

Абу-Дабидің 40-тан астам құрылысшысы «Nur Otan»-ға әділдік іздеп келді

«Біз заң бұзылып отыр ма, жоқ па, соны зерттеуіміз керек. Ол үшін өзіміздің әкімдік болсын, еңбек инспекциясы болсын, прокуратура болсын, солардың көмегімен осы мәселені зерттеп шешуге тырысамыз».

Елордадағы атышулы Абу-Даби Плазада тағы да шу шықты. Бұл жолы 40-тан астам құрылысшы жұмыстан негізсіз шығып қалғанын айтып шағымданып отыр, деп хабарлады КТК.

«Жұмыстан еріксіз шығарып жатыр. Бізден бөтен шетел азаматтарының барлығы қалды. Өткенде 40 адамды шығарған. Бүгін тағы сонша шығарды. Себебін айтпайды. Ешқандай себеп жоқ. Сосын бізге өтемақы да төленген жоқ», - дейді құрылысшы Ақылбек Мәмбеталин.

Жұмыстан себепсіз шығып қалдық дегендер құрылысы созылған Абу Даби Плазада сантехник, электрик және монтаждаушы болып тоғыз айдан бері еңбек еткен. Жұмыстан шығып қалғандарын да кеше естідік дейді. Сол үшін мердігер World monitoring фирмасынан өтемақы талап етіп отыр. Барлығының қолында еңбек келісімшарты бар.

Дегенмен оларды жалдаған компания артық ақша төлеуден бас тартыпты. Сондықтан бір топ жұмысшы бүгін «Nur Otan» партиясына әділдік іздей келген. Ондағылар сәл шыдай тұруға шақырды.

«Біз заң бұзылып отыр ма, жоқ па, соны зерттеуіміз керек. Ол үшін өзіміздің әкімдік болсын, еңбек инспекциясы болсын, прокуратура болсын, солардың көмегімен осы мәселені зерттеп шешуге тырысамыз», - дейді «Nur Otan» партиясы қоғамдық қабылдау бөлімшесінің бас кеңес берушісі Жұмажан Жүкенов.

Бұл аталған құрылыстағы бірінші дау емес. Еске сала кетсек, былтыр да сондағы бір топ құрылысшы осы билік партиясынан көмек сұрай барып, ұрыс естіп қайтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары