Талғарлық жігіттер базардан сатып алған Калашников автоматымен көшеге шығып, елдің есін шығарған, деп хабарлайды Аlmaty.tv арнасы.
Тәртіп бұзғандар қолға түсіп, бұзақылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Онымен қоса, бұл істеріне өкінетіндерін жеткізіп, жұрттан кешірім сұрады.
«Түсінбестік жағдай болды, айып етпеңіздер. Сондай-ақ, мен Денис Касапалов сіздерден кешірім сұраймын», – деді бұзақылық жасағанын мойындаған Денис Констанович.