Полиция Шамалған стансасының өткелінде болған жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«15 қыркүйек күні «Алматы 1 – Қостанай» бағытындағы пойыздың Алматы облысындағы Шамалған стансасының өткелінде жолаушылар автобусымен соқтығысуын көргендер, куәгерлер және автобус жолаушыларының мына телефондар арқылы Көліктегі полиция департаментіне хабарласуын өтінеміз: 8-727-296-35-93, 8-701-555-78-02, 8-775-643-00-04» делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында пойыз бен автобус соқтығысты. Жолаушылар автобусы рельске шығып кеткен.