Алматыда 2-сынып оқушысы кәріз шұңқырына құлап түсті деп жазады Tengrinews.kz.
Оқиға 16 қыркүйек күні Сәтпаев-Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Бұл жол оқушыларды мектепке апарар жол. Қыздың әжесінің айтуынша, оқушы ашық қалеан темір тордың арасындағы шұңқырға құлап, аяғы жарақат алған.
Жәбірленушінің әжесі аудан әкімдігіне шағымданған. Десе де кәріз шұңғырын жабуға әлі де асығар емес.