$ 448.56  478.03  4.79

Атыраулық олигарх IPhone таратты: асаба қазақтың кеңдігіне таңғалды (ВИДЕО)

Атырау қаласында өткен үйлену тойы кезінде іPhone телефондарының таратылғанын жеткізді.

Атырау қаласында дүркіреп өткен үйлену тойы кезінде қуаныш иесі шашу ретінде iPhone телефондарын таратып, жиылған қауымды бір қуантып тастаған. Бұл туралы тойды басқарған асаба Руслан Ысқақ KAZ.NUR.KZ порталына берген сұхбатында айтқан.

Отандық той бизнестің қыр-сырына қанық танымал шоумендердің бірі Руслан Ысқақтың айтуынша, ол жұмыс барысында сан алуан жайттарға куә болады екен.

Мәселен, жуырда Атырау қаласында өткен үйлену тойы кезінде іPhone телефондарының таратылғанын жеткізді.

«Тойларды басқарып жүріп, неше түрлі қызықты оқиғаларды көріп жатамыз. Өте қымбат, отандық және шетел жұлдыздарының қатысуымен өтетін тойларды да басқарған кездер болды. Мұндай тойдың иелері шараның айрықша, есте қаларлықтай өткенін қалайды.

Мысалы, жақында Атырауда бір тойды басқардым. Той иелері Қайрат Нұртас бастаған бір топ отандық әншілермен қатар, ресейлік жұлдыздардың да өнер көрсетуін қалады. Бұл тойдың ерекшелігі, жиналған той қонақтарына сыйлық ретінде iphone телефондары таратылды. Бұл да қазақтың бойындағы кеңдіктің белгісі болар», - деді Руслан.
 
Сондай-ақ, ол қазіргі таңда ел ішіндегі тойларда таңғалдырарлық жайттардың көп болатынын жасырмаған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары