$ 494.87  520.65  4.91

«Онда тағы мүшеқап бар»: студент қыздарды «зорлаймын» деп қорқытқан бұзақы іздестіріліп жатыр

12 қыркүйекте әлдекім грантпен оқуға түскен екі қыздың жалдамалы пәтерлерінің есік-терезесін  қаққан. Алайда, қыздар оны түстеп көре алмаған.

Таяуда белгісіз біреу Атырау қаласына оқуға келген 15-16 жастағы студент қыздарды зорлап тастайтынын айтып қорқытқан. Онысымен қоймай, ол қыздар тұратын пәтердің есігіне қолданылған мүшеқап пен жаман сөз жазылған хат іліп кеткен. Бұл ақпарат Facebook желісіндегі «НеМолчи.kz» тобына жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Аталған ақпаратқа сүйенсек, 12 қыркүйекте әлдекім грантпен оқуға түскен екі қыздың жалдамалы пәтерлерінің есік-терезесін қаққан. Алайда, қыздар оны түстеп көре алмаған. Бұл жағдай келесі күні де қайталанып, қыздар есікті ашқанда, тұтқада қолданылған мүшеқап ілініп тұрған. Осыдан соң олар бірден полиция шақырады. 

«16 қыркүйекте де қыздардың есігіне хат қалдырып кеткен. Онда тағы мүшеқап бар», - деп жазылған аталған топ парақшасында. Қалдырылған хатта: «Бәрібір сендерді с... аламын жандарым менің» деген бір ауыз сөз бар. Бұл ретте, «НеМолчи.kz» қорындағылар бұл жағдайды кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қол сұғу деп есептеді.

«Сараптама үшін биологиялық материал бар. Енді иесін табу керек», - дейді олар. Сондай-ақ, қазір студент қыздарды 20-дан астам ерікті мен спортшы қорғап отыр.

Бұл жайтқа қатысты Атырау қаласының Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары