Оқиғалар 19.09.2019 сағат 11:15

Зират маңындағы 28 жылқының өліміне не себеп? (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қырылған малдың иесін іздеп жатыр.
Зират маңындағы 28 жылқының өліміне не себеп? (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа зираттан 28 жылқының өлексесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«17 қыркүйек күні шамамен 10:15-те полицияға «Нұр-Сұлтан - Көкшетау» айналма жолынан 200 метр жерде 28 өлген малдың жатқанын куәгер хабарлаған. 

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қырылған малдың иесін іздеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалған», - деп мәлімдеген астаналық полиция департаменті. 

Полицейлер өлексенің жүк көлігінен түсірілгенін анықтады. Олардың болжамынша, мал ауа жетпей қырылуы мүмкін. Улану нұсқасы қарастырылмайды. «Жұқпалы ауруларға тексеру мақсатында өлген жылқылардан сынама алынып, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Республикалық ветеринариялық зертхананың Ақмола облыстық филиалына жіберілді. 

Мал өлекселері «Камаз» автокөлігімен «Экополигон» қоқыс жинау алаңына жеткізіліп, мобильдік инсинератор пешінде өртелді», - делінген Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының хабарламасында.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар