19.09.2019, 17:20

Канело Головкинмен жұдырықтасуға неге құлықсыз?

Альварес бұл мәлімдемесін жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихаты кезінде жасады.

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (52-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек мүлде қызықтырмайтынын айтты. Боксшының сөзін The Athletic журналисті Майк Коппинджер твиттер желісінде келтіріп отыр, деп жазады Vesti.kz.

Альварес бұл мәлімдемесін жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихаты кезінде жасады. 

«Канело» Головкинмен арадағы істің біткенін және онымен үшінші рет жұдырықтасуға ынтасы жоғын айтты», - деп жазыпты Коппинджер.

Сонымен бірге, Альварес өзінің промоутері Оскара Де Ла Хойяның (Golden Boy Promotions) мексикалық пен Головкин жекпе-жегі келесі жылы өтеді деген сөзіне қатысты пікірін айтты. 

Оған қоса боксшы, промоутердің сөзіне қатысты «Көп дүниенің мәні жоқ» деді.