$ 498.34  519.72  4.85

31 жастағы ер адам бұрынғы әйелін шаштаразда пышақтап кетті (ВИДЕО)

Бұл оқиғаның бәрі бақылау камерасына түсіп қалған.

Владикавказда 31 жастағы Вадим Техов бұрынғы әйелі жұмыс істейтін шаштаразға келіп, оны пышақтап тастаған.

Бұл оқиғаның бәрі бақылау камерасына түсіп қалған. Ол шаштаразға келіп, 22 жастағы келіншекпен жанжалдасқан. Оны пышақтағаннан кейін, куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Ал күдікті оқиға орнынан із суытқан. 

Кейін құқық қорғаушыларға өзі келген. Ол бұрын есірткі сатқаны үшін және денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізгені үшін сотталған. Қазір аталған факті бойынша іс қозғалған. 

Дереккөз: ktk.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей