20.09.2019, 02:45

«Әділдік үшін шырылдап...»: Алтынай Жорабаева Бибігүлге араша түсті

Жорабаева бір кездері Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасына отбасы жайлы бар шындықты айтады деген жарнама анонсы үшін бармай қойған.

Эстрада әншісі Алтынай Жорабаева тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекке араша түсті. Бұл туралы ол өзінің İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Бибігүлдің артынан жала жауып жатқан барлық адамдарға айтарым...Ешқандай дәлелсіз, арыздарыңызды жазып, қол қойған сәттен бастап, сол арыздарыңызға жауапты екендеріңізді ұмытпағайсыздар. Егер ол ешқандай фактсыз болса, ол өте үлкен қылмыс болып табылады! Арыз жазып, жала жабар кезде осыны білгендеріңіз жөн! Бибігүлдің өзі әділдік үшін шырылдап жүре тұра, өзі заңсыз біреудің ақшасын алып немесе біреудің ақшасын бермей қою мүмкін емес», - деп жазады ол.

Жорабаева бір кездері Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасына отбасы жайлы бар шындықты айтады деген жарнама анонсы үшін бармай қойған.

Еске сала кетейік, қазір Бибігүлге  қарсы жазылған Сұлтанқызы бастаған бірнеше адамның арыздары қаралып, сот өтіп жатыр.