Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарынан «оралман» сөзінің орнына «қандасты» қолдануға шақырды.
«Мен бұрын айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты Оралман терминінен бас тартып, Қандас терминін қолдану керек. Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады», - деп жазды Тоқаев Twitter- де.