$ 447.4  477.55  4.76

Трамп пен Цукербергтің кездесуі интернеттегі қауіпсіздікке ықпал ете ме?

Саясаткерлермен кездесіп, болашақта интернеттен төнетін қауіптер және оны қалай реттеу керектігі жөнінде талқылаулар өткізуде

 «Facebook» басшысы Марк Цукерберг пен АҚШ президенті Дональд Трамп кездесті.

 «Axios» басылымының мәліметінше, Трамп Цукербергті Ақ үйде қабылдаған. Кездесу барысында ғаламторды реттеу мәселелері талқыланған. «Марк қазір Уашингтонда іс-сапармен жүр. Ол онда саясаткерлермен кездесіп, болашақта интернеттен төнетін қауіптер және оны қалай реттеу керектігі жөнінде талқылаулар өткізуде» - делінген «Facebook» баспасөз қызметі таратқан мәліметте деп хабарлайды «The Qazaq Times».

Бұған дейін Марк Цукерберг АҚШ Конгресінде жабық кездесу өткізген. Онда қандай тақырыптарда келіссөздер жүргізілгені әзірге белгісіз. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары