$ 494.87  520.65  4.91

Даниал Ахметовтың қарындасын ұрламақшы болған азамат іздестіріліп жатыр

Гүлфаз Кенжетайқызын қаланың ортасындағы зәулім үйдің қасында ақ көлікке салып, ұрлап кетпек болған.

Шығыс Қазақстан облысынң әкімі Даниал Ахметовтің қарындасын Павлодарда ұрлап кетпек болды. Бұл туралы «Время» басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ   хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Гүлфаз Кенжетайқызын қаланың ортасындағы зәулім үйдің қасында ақ көлікке салып, ұрлап кетпек болған. Абырой болғанда, келіншек қашып үлгерген.

Полиция департаменті өңір басшысының туысын ұрламақ болғанын растады.

Полицияда хабарлағандай, келіншекке шабуыл 18 қыркүйек күні жасалған. Қазір «Ұрлау» бабы бойынша сот алды тергеу жұмысы басталды. Полиция арам пиғылды азаматтарды іздестіруде.

Бұл іске қатысты криминалдық полиция үш нұсқаны қарастырып жатыр. Алғашқысы құн талап ету, келесі тұрмыстық жанжал және қаржы-шаруашылық қызмет.

Қарындасының жағдайы жақсы екеніне сенімді болу үшін даниал Ахметов Павлодарға жеке ұшып келді. Қазір әкім Өскемен қаласына оралды.

«Басылым дерегіне сүйенсек,, Гульфаз Аубанова бұрын Павлодар облысындағы денсаулық сақтау басқармасында басшылық қызмет атқарған. Ол сондай-ақ, Павлодар қаласының бірнеше медициналық мекемелерінің құрылтайшысы». Оған қоса, өңірде ШҚО басшысының ұлының да кәсібі бар.

Басылым мәліметінше, Ахметовтер әулеті 30 жыл бойы өңірде аса беделгі ие болып отыр. Сондықтан, әкімнің қарындасын ұрлауға тек белгісіз немесе жүрек жұтқан жандар баруы мүмкін.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары