Жаңалықтар 20.09.2019 сағат 12:45

Африкалық келін алған қазақтар еліміздің салт-дәстүрін орындатты

Әйтеуір ақ жеңеше жаңа түскен келінге шәйді қайлай құюды үйретіп, ұлттық дәстүрді барынша насихаттап бәйек болып жатыр.
Африкалық келін алған қазақтар еліміздің салт-дәстүрін орындатты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Африкадан келін алған қазақтар оған шәй құйғызып, сәлем салдырды. Бір қазақ жігітін мұхиттың арғы жағындағы қара қыз қағып әкетіп, өзіміздегі қыздар оны кәдімгідей қызғанып, осы сипаттағы видеоны әлеуметтік желіде көптеп бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сымбат Игілікқызы Facebook-тегі парақшасында бөліскен мына видеода қазақтардың африкалықтармен құда болып жатқанының куәсі болуға болады.

Видеода аппақ көйлектегі қара нәсілді қалыңдық ата-енесіне шәй құйып жатыр. Кесе табылмай, шыны стаканға құйғанға қарағанда бұл шетелдің мейрамханасындағы оқиға секілді. Той кезі ме екен әлде тойдан кейін бе, онысын білмедік. Әйтеуір ақ жеңеше жаңа түскен келінге шәйді қайлай құюды үйретіп, ұлттық дәстүрді барынша насихаттап бәйек болып жатыр. Басына ақ орамал жауып, сәлем салдыртуды да ұмытпапты. Қасындағылар «орысша емес, қазақша айт, ол бәрібір орысша түсінбейді, үйренсін қазақшаны» деп даурығып қояды.

Ал бірі суреттің шетінде құдашаны құшақтаған жігітке қатты қызығып жатыр. «Құдашадан құр қалғанды Құдай ұрады» деп жігіттер жағы оны қамшыласа, керісінше қыздар «Мына жақта біз бармыз ғой, ойбай кері орал» деп шуласып, қалжыңдауда.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар