$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік тұрғыннан күміс зергерлік бұйымдар тәркіленді

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен, ол экономикалық контрабанда үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК 234-бабы).

Шымкент қаласының тұрғынынан тәркіленген күміс зергерлік бұйымдар мемлекет кірісіне алынды, деп хабарлайды Otyrar.kz.  

Шымкент қаласындағы экономикалық тергеулер басқармасы қала бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп жалпы сомасы 25 миллион теңге болатын 63 келі 825 грамм күміс әшекей бұйымдарды мемлекет кірісіне алды. 

Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Шымкент қаласының тұрғыны А. С.-дан контрабандалық күміс тәркіленді. 

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен, ол экономикалық контрабанда үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК 234-бабы). 

Сот шешімімен А. С. шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айрылды. Контрабандалық күміс тәркіленді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары