$ 443.35  475.54  4.82

21 жастағы Бекзат Нұрдәлетов Олимпида чемпионын нокдоунға түсірді

Ертең, 21 қыркүйекте өтетін финалда Нұрдәлетов өзбекстандық Дильшодбек Рузметовпен жұдырықтасады.

Екатеринбургте (Ресей) бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Бекзат Нұрдәлетов Хулио Сезар Ла Курузды (Куба) жеңіп, финалға жолдама алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Жекпе-жекке қазылық еткен бес төрешінің төртеуі екі боксшының ұпайын тең деп (28:28) бағаласа, бір төреші 29:27 есебімен жеңісті Нұрдәлетовке берді. 21 жасатағы Нұрдәлетов қарсыласын екінші раундта бір рет нокдаунға түсірді.  

Нұрдәлетов нокдаунға түсірген Хулио Сезар Ла Куруз Рио Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ол әуесқой бокста 2012 жылдан бері ешкімге жеңілмеген. Дәл осы кубалық боксшы 2016 жылы Рио Олимпиадасының финалында, 2011 жылы Бакуде, 2013 жылы  Алматыда өткен әлем біріншіліктерінің финалында қазақстандық Әділбек Ниязымбетовты ұтқан.  

Ертең, 21 қыркүйекте өтетін финалда Нұрдәлетов өзбекстандық Дильшодбек Рузметовпен жұдырықтасады. Өзбекстан боксшысы жартылай финалда англиялық Бенджамин Уиттакерді жеңді. 

Екатеринбургта өтіп жатқан әлем чемпионаты ертең аяқталады. Қазақстан боксшыларының арасынан финалға Нұрдәлетовтен бөлек, +91 килограмда жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев та жолдама алды. Ол финалда өзбекстандық Боходир Жалоловпен жұдырықтасады. Ал Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Тұрсынбай Құлахмет, Василий Левиттер жартылай финалда жеңіліп, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бокс