Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Бибігүл Дәулетбекқызын сотқа бергелі оған қарсы арызданушылар қатары көбейді. Белгілі заңгер Айгүл Орынбек те бұл іске қатысты өз ойын білдірді. Бұл туралы ол өзінің İnstagram-парақшасында жазды.
«Кеше Бибігүл Дәулетбек жайлы пост салғанымда көп адам жеке басыма ауыр сөз жазыпты. "Ләйлә Сұлтанқызыны қолдап отырсың" деген сияқты, бірақ Ләйләні жеке басым танымаймын. Бірақ жұмысына, қазақ қызының ар-намысын таптатқаны үшін ренжулімін. Ия, мен де мақала жаздым. Бірақ Ләйләнің жеке басына, жеке өміріне қол сұққаным жоқ. Заңгер ретінде ондай дүниелерге жол бермеймін! Мен тікелей Абаевқа арнадым жазбамды, идеологияны түзе, арнаны тазала деп! Екеуінің арасындағы сот екеуі шешетін дүние. Ләйлә Сұлтанқызына менен көмек керек жоқ. Ол кісінің материалдық жағдайы жақсы. Бір емес он қорғаушы жалдай алады. Ол кісі менің көмегіме зәру емес!
Ал маған дәл қәзір Бибігүлге қатысты, басқа жалғызбасты аналар шағымданып звондап жатыр. Неге қазір шағымданып жатыр деген сұрақтар туып жатыр екен. Көбісі Бибігүлден қорыққан, оны ешкім жазалай алмайды деп ойлаған. Әлсіздер ешқашан күшті адамдарға қарсы шыға алмайтынын да ұмытпау керек. Инстаграм, сайттар жаза бастаған соң, бүкіл жасаған былықтары шыға бастады.
Бибігүлді мен Ләйләдан жақсы танимын. Ол да мені жақсы таниды. Бибігүл Дәулетбек үшін бәрі жаман, оны көре алмайды, аяқтан шалғысы келеді, тек өзі жақсы! Ия мен жаман болсам жаман шығармын, оның несін көре алмаймын айтыңыздаршы? Он екі мүшем сау Аллаға мың шүкір, дүние, ақша маған тіпті қызық емес, Бибігүл оны жақсы біледі. Өзіне тегін көмек бергем, 2015 жылы басына іс түскенде. Менің де сыртымнан өтірік әбден әңгімелер айтқан, оғанда көз жұмғам», - деп жазды Орынбек.