$ 448.15  483.46  4.86

«Тақсыр деймін»: Абай Бегейдің жас келіншегі әншімен қалай танысқанын айтты

Фариза отағасын «тақсыр» деп атайды екен.

Әнші Абай Бегейдің жап-жас келіншегі өнер иесімен қалай танысқаны жайлы айтты. Бұл туралы ол «Бір сұрақ» бағдарламасында айтты.

«Тақсыр деймін, бірақ бұл менің қалауым. Өзі осылай айт деп сұраған жоқ. Құрмет ретінде, жақсы көретінім үшін тақсыр деп атаймын.Таныстығымыздың ертесіне Айнұр деген досы маған оның деген ниеті бар екенін айтты.

Ойының шынайылығына көзім жеткен соң, үш-төрт кездесуден кейін өзім ойланып әке-шешеме айттым. Негізі әкем де, анам да басында қарсы болды.

Әкем "төрт баласы бар ер адамда не шаруаң бар" деді.Анам шок болды. Ол кісі мүлде мені балалары бар адамға тұрмысқа шығады деп ойламады.

Мен ата-анама "қабылдаған шешімім осы, мені қолдауларыңызды сұраймын" деп айттым. Танысты, сөйлесті. Кейін разылығын берді», - деді Фариза.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай Бегей