21.09.2019, 09:40

«Қазақтың қыздары ақша үшін шалдардың қолжаулығы болып кеткен» — Айнұр Асқарқызы (ВИДЕО)

«10-11 жаста ғана шешемнің басқа адам екендігін білдім. Мен жақсы жар болған жоқпын. Біле тұра, 10 жыл бойы арақ ішіп жүрген адамға тұрмысқа шықтым»

Ел ішінде емші-сынықшы ретінде танымал Айнұр Асқарқызы Astana.tv арнасындағы «Оңай емес» бағдарламасында қонақта болып ішкі жан-сырын ақтарды, деп хабарлайды Skifnews.

 Сұхбат барысында танымалдылықтың көп жағдайда жақсылық әкелетінін де жасырмады.

«Қазір танымалдылық маған ақша әкеліп жатыр. Танымалдылықтың ар жағында ақша да жатады ғой. Бір жағынан танымалдылық табыс көзі. Танымалдылығым артқан сайын жақындарыма да көмектесе аламын.  Сынықты ешқашан сатқан жоқпын. Кейбіреулер мата,кейбіреуі тиын қойды . Сынық үшін миллион, нақты он мың доллар берген адамдар да бар мысалы», — деді емші-сынықшы Айнұр Асқарқызы. 

Сондай-ақ, ол өз өмірі, балалық шағы жайлы айта келіп: «10-11 жаста ғана шешемнің басқа адам екендігін білдім. Мен жақсы жар болған жоқпын. Біле тұра, 10 жыл бойы арақ ішіп жүрген адамға тұрмысқа шықтым» деп өткен күндерін еске алды.

Өзін өмірінің ең ұлы жұлдызы деп есептейтін ол: «Қазақтың қыздары шалдардың қолжаулығы болып кеткен, ақша үшін. Соларға жыным келеді. Қазір байлардың тоқалы болып жүр, соларға жыным келеді» деп бар ойын жайып салды. 

Айта кетейік, оның Кәмшат есімді бір қызы бар.  

 

Тегтер: емші танымал